Енді eGov Mobile арқылы Интернетке қосылуға болады Баспаға шығару нұсқасы
2024 жылғы 16 мамырЦифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақтелеком» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Интернетке қосылу» жаңа қызметін іске қосты. Енді пайдаланушылар жеке тұлғаның тіркеу мекенжайы бойынша қызметтерді алу үшін «Қазақтелеком» АҚ-на автоматты түрде жіберілетін қосымшадан желілік инфрақұрылымның бар-жоғын тексеріп, өтінімді тікелей жібере алады.
eGov Mobile-да қызметті пайдалану үшін сізге:
- «Қызметтер» бөліміндегі негізгі бетте «Басқа қызметтер» түймесін басыңыз, тізімнен «Интернетке қосылу» таңдау керек.
- Жүктелген бетте қолжетімді интернет байланысы, қосылымның жоқтығы және тіркелген жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпараттық хабарлама көрсетіледі;
Интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі болса және жылжымайтын мүлік бар болса немесе техникалық мүмкіндік болмаса және жылжымайтын мүлік сіздің атыңызға тіркелген болса:
- Ашылған бетте тарифті таңдап, «Өтінім жіберу» түймесін басыңыз;
- Келесі бетте ақпараттың өзектілігін тексеріп, «Жалғастыру» түймесін басыңыз;
- Тексеруді аяқтаңыз (captcha), «Растау» түймесін басыңыз (қосымша тексеру қажет болса көрсетіледі);
- Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
Егер техникалық мүмкіндік болмаса және мүлік сіздің атыңызға тіркелмесе: «Рұқсат ету» түймесін басу арқылы толық аты-жөніңізді, ЖСН-ді, туған күніңізді, телефон нөміріңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды алуға рұқсат беруіңіз керек;
- Ашылған бетте тарифті таңдап, «Өтінім жіберу» түймесін басыңыз;
- Әрі қарай қаланы, көшені, үй нөмірін көрсету керек бет шығады және «Растау» түймесін басыңыз;
- Тексеруді аяқтаңыз (captcha), «Растау» түймесін басыңыз (қосымша тексеру қажет болса көрсетіледі)
- Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
Өтінішті қабылдағаннан кейін пайдаланушы көрсетілген нөмірге өтініш нөмірі мен өтініш статусын тексеру сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
«Бүгінде eGov мобильді қосымшасы – бұл мобильді байланыс құрылғылары арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен қызметтердің экожүйесі. Мобильді қосымшада eOtinish, eNotary, Бейне ХҚКО және т.б. қызметтердің кең ауқымы қолжетімді. Жаңа қызмет азаматтарға тікелей мобильді қосымшада интернетке қосылуға өтініш беруге мүмкіндік береді», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дмитрий Мун.
Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде оптикалық желі болмаса, «Қазақтелеком» АҚ мамандары өтінішіңізді бергеннен кейін бір сағат ішінде сізбен байланысып, қызметтерді қосудың балама нұсқаларын ұсынады.