Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша «Қазреестр» АЖ уәкілетті компаниясының жеке кабинетіне өту.
- «Қазреестр» АЖ-ғы уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты тіркеуге өтінім жолдау және оған ЭЦҚ-ға қол қою.
- Уәкілетті компанияның жеке кабинеті арқылы «Қазреестр» АЖ-ғы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме алу және оны талап ету орны бойынша ұсыну.
- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені үлескер «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіндегі үлескердің жеке кабинеті арқылы ала алады.
Құрметті қызмет алушылар, деректерді (үлескердің ТӘЖ, сонымен қатар үлескерге тиесілі үлесті (пәтер және шарттың нөмірін) толтыру кезінде мұқият болуыңызды сұраймыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру