Айдар парағына өту

Назарбаев университетіне оқуға қалай түсуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.06.2024

Назарбаев Университеті (NU) – бұл Қазақстан Республикасының астанасы, Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді зерттеу университеті.

Университетте оқуға түсу және оқу меритократия принциптеріне негізделген, профессормен бірлескен жұмыс пен оқудың алғашқы күнінен бастап зерттеу қызметін қамтиды. Біз жай ғана жаңа университет емеспіз, әлдеқайда дамыған оқу орнымыз. НУ жоғары білім береді және түлектерді жаһандану және технологиялық күйзелістер дәуірінде табысқа жетуге дайындайды. Біздің түлектер жер туралы ғылымдар, цифрлық ғылымдар, мемлекеттік басқару, білім беру, инженерия, медицина және т. б. салада әлемдік деңгейдегі диплом алады.

NU Times Higher Education (THE) 2024 жылғы World University Rankings рейтингі бойынша халықаралық зерттеу университеттерінің 30 пайызының қатарына кірді. 2023 жылдың 28 қыркүйегінде жарияланған рейтингте 100-ге жуық елдің 1904 университеті бағаланды. NU 501-600 аралығындағы позицияда орналасты.

Сондай-ақ, NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 79 ел мен аумақты қамтитын 673 оқу орнының ішінде 106-орынды иеленді және 2024 жылғы Times Higher Education (THE) Asia University Rankings тізімінде 739 жоғарғы оқу орындары арасында 129 орын алды.

NU-ға оқуға түсу туралы ақпарат

NU-да білім беретін 7 Мектеп және 1 Дайындық мектебі бар:

Университетте оқу мынадай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

  • Университет аллдындағы дайындық бағдарламасы - Foundation

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) немесе Университет алдындағы дайындық бағдарлама – NU Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Оқу бакалавриат бағдарламаларына жеделдетілген академиялық, ғылыми және тілдік дайындықты қамтамасыз етеді. Оқу гранттар шеңберінде немесе ақылы негізде қарастырылған. Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде студенттер NU-дың бакалавриат бағдарламаларына білім алуға қабылдана алады.

  • бакалавриат

Бакалавриат жоғары білімнің алғашқы сатысы. Стандартты оқу 4 жылға созылады. NU бакалавриат бағдарламалары академиялық және ғылыми принциптерді терең түсінуге мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар, оқытудың инновациялық әдістері және NU-дың тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы әлемдік деңгейдегі жоғары білімді қамтамасыз етеді.

  • магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы

ZYGP (Zero Year of Graduate programs) бағдарламасының мақсаты - магистратура бағдарламаларының потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура немесе докторантура бағдарламаларының студенттері атанады.

  •  магистратура

Магистратура жоғары білімнің екінші кезеңі. Магистратура бағдарламасының шеңберінде студенттер терең білім мен бірігей зерттеу дағдыларын нығайтып, өз біліктілігін арттырады. Оқыту таңдалған мамандыққа қарай 16 айдан 2 жылға дейін созылады.

  • докторантура

Бұл университеттер беретін ең беделді дәреже және белгілі бір саланы терең талдауға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі зерттеу дағдылары мен ынта-жігерді қажет етеді. Докторантура бағдарламалары студенттерге ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация жазуға және қорғауға мүмкіндік береді. Стандартты оқу 4 жылға созылады.

  • резидентура

Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алу нысаны. Резидентура бағдарламалары жоғары білікті медициналық мамандарды таңдаған мамандығы бойынша дайындайды. Оқыту ұзақтығы таңдалған салаға қарай 3-5 жылдан тұрады.

  • біліктілік арттыру бағдарламасы

Білім беру мен ғылыми зерттеулерге қоса, біз жоғары буын басшыларының курстарын ұсынамыз. Осы курстар жұмыс істейтін мамандарға мансабы бойынша жоғарылауға көмектесетін нарықпен жұмыс істеу дағдыларын береді.

Өтінім берудің жалпы процесі келесі қадамдардан тұрады:

  • Жеке кабинет құру үшін аdmissions.nu.edu.kz порталында тіркелу;
  • Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  • Өтінім беру және тіркелу жарнасын төлеу;
  • IELTS/TOEFL қоса алғанда тест нәтижелерін ұсыну.

Келесі қадамдар белгілі бір бағдарламаның шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сізді қызықтыратын бағдарламаны таңдауға және қабылдау туралы мәліметтерді көруге болатын сілтемеде қабылдау талаптары, онлайн өтінім беру процесі, мерзімдері және конкурстың басқа шарттары қол жетімді. Рәсімдердің өзгеру мүмкіндігіне байланысты талапкерлер соңғы ақпаратты Университет веб-сайтында Қабылдау бөлімінен қадағалауы керек.

Өтінім беру статусы және конкурс нәтижелері талапкердің Жеке кабинетінде көрсетіледі. Оқуға шақыру келген жағдайда талапкер тиісті мерзімде онда көрсетілген талаптарды орындауы керек.

Оқуға түсу туралы байланыс деректері:

Тел.: + 7 (7172) 64 25 84
Қабанбай батыр даңғылы 53, офис 1111
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.