- Емтиханға:
- «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан, ал оқу басталғанға дейін анықтама ұсына отырып, медициналық куәландырудан өткен адамдар;
- "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар;
- дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда "А" және "В" санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі.
- Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі.Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi.
Емтихандар мынадай реттілікпен тапсырылады: алдымен теориялық, кейіннен – практикалық.
Жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген, теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық та, практикалық та емтиханды қайта тапсыру алдыңғысын өткізген күннен бастап келесі жұмыс күніне тағайындалады.
Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (үш айдан астам) кететiн және емтихан тапсыра алмаған адамдар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оларға емтихан екіншi рет кемінде үш күнтізбелік күннен кейiн тағайындалады.
Теориялық емтиханда алынған оң баға үш ай ішінде жарамды болып саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейiн көлік құралын басқару құқығын алуға үміткер қайтадан теориялық емтихан тапсырады.
Практикалық емтихан келесі жүйе бойынша бағаланады: оң баға – "Тапсырды", қанағаттанарлықсыз – "Тапсырған жоқ".