Аванстық төлемдерді қайтару бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде digital.baiterek.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- digital.baiterek.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті «KazakhExport» ЭСК» АҚ-да алу (қажетті құжаттар):
- Компанияның құжаттары
1.1. Сақтандыруға өтініш;
1.2. Қоғам нысаны бойынша МКК үшін өтініш-келісім;
1.3. Экспорттық келісім-шарт;
1.4. Қаржылық құжаттар (Клиентке және жеке компаниялар тобына)
1.4.1. Бухгалтерлік Баланс, Пайда мен зиян туралы есеп, Соңғы 3 есепті кезеңдегі ақша айналымдарының қозғалысы туралы есеп;
1.4.2. Ұсынылған қаржылық есептілікке егжей-тегжейлі талдау;
1.4.3. Міндеттемелерді сақтандыру кезеңінде ақша қаражаты қозғалысының болжамды моделі;
1.4.4. Сатып алуға және іске асыруға арналған жоба бойынша шарттар;
1.4.5. Соңғы есепті кезең үшін салық декларациясы (100,200-нысан);
1.5. Жоба бойынша құжаттар:
1.5.1. Жобаның сипаттамасы (бизнес-жоспар);
1.5.2. ҚМЖ-ға рұқсат беру құжаттары, лицензияланатын қызмет түрлері - қажет болған жағдайда.
1.6. Құрылтай құжаттары (тізімге сәйкес)
1.7. Кепілмен қамтамасыз етуге арналған құжаттар (тізімге сәйкес)
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттардың қосымша тізбесі:
- Клиенттің сауалнамасы - түпнұсқа;
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке тұлғалары үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;
- Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
1) заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжат (құжаттар);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат;
3) құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме;
4) заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) жеке басын куәландыратын немесе мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттар (қатысушыларының тізілімін жүргізуді бірыңғай тіркеуші жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының (қатысушыларының) құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (бенефициарлық меншік иесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын және акционерлердің (қатысушылардың) тізілімінен үзінді негізінде анықталған жағдайларды қоспағанда);
5) клиенттің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға, оның ішінде заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
6) заңды тұлғалардың өзге нысандарының филиалдары мен өкілдіктері үшін - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхат;
7) заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;
8) рұқсат (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асырылған жағдайда);
- егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет етсе (заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларынан қоспағанда):
Қазақстан Республикасының резидент - клиентінің өкілдері үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент -клиенттің өкілдері үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар;
- егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бейрезидент -жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Аванстық төлемді қайтару бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартына қол қою.