Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтінім.
- Пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) көшірмесі.
- Әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі.
- Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі.
- Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі.
- Жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесін.
- ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Мемлекеттік қызметтерді аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арнасы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға ұсынылады:
- Өтінім.
- Пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі.
- Әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі.
- Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі.
- Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі.
- Жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:
- Әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының электронды көшірмесін.
- ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.