Жылжымайтын мүлікті тіркеу/ жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
- Өтінішке ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) жасалған электрондық құжатпен және сұрау салу нәтижесі туралы хабарламамен танысыңыз.
- Қызмет келесі Ішкі қызметтерді қамтиды:
- Заңдық талаптардың туындауын тіркеу.
- Заңдық талаптардың тоқтатылуын тіркеу.
- Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу.
- Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгерістерін тіркеу.
- Қайта кепілді тіркеу.
- Құқықтың ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу.
- Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу.
- Сауда-саттық туралы хабарламаны тіркеу.
- Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу.
- Қызмет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы растау келіп түскеннен кейін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қатысуымен көрсетіледі.
Заңды тұлғалар:
- Құрылтай құжаттарын.
- «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарда көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділерін).
- Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
ЭҮП/БНАЖ/ақпараттандыру объектілер арқылы жүгінген кезде: жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.