«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе мемлекеттiк органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Қаржылық кепілдік хатын беру туралы өтініш;
- Жеке куәлiгi.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.