Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа немесе «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның филиалдары арқылы қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Өзі жүгінген кезде:
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат.