Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті файлдарды тіркеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы») сұрау нәтижесі туралы хабарламаны оқыңыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (сенім білдірілген өкілі) жүгінген кезде – нотариус куәландырған сенімхат (сенім білдірушінің) (сәйкестендіру үшін).
- Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін нысан бойынша өтініш.
- Тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген, халықаралық спорттық жарыста алған жарақат және мертігуі бойынша диагнозы көрсетілген медициналық қорытынды
- Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және (немесе) оңалтуға жұмсалған шығындардың құнын растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.