Айдар парағына өту

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.06.2024

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) депозиттерге кепілдік беру жүйесін басқару үшін 1999 жылы құрылды. Қор – коммерциялық емес ұйым.  Қордың жалғыз акционері (құрылған кезінен бастап) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Қор негізінен депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналары есебінен банк барлық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған жағдайда салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерв қалыптастырады. Сонымен қатар арнайы резерв ҚДКҚ-ның меншікті активтері мен арнайы резервінің активтерін орналастырудан түскен инвестициялық кіріс, сондай-ақ банктердің тарату комиссияларынан ҚДКҚ-ның бұрын төленген өтем бойынша талаптарын қанағаттандыру есебінен түсетін ақша есебінен де толықтырылады.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілген өтем – бұл ҚДКҚ кепілдік берілген депозит бойынша депозиторға төлейтін ақша сомасы.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің құқықтық негіздері, сондай-ақ оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Кепілдік берілген өтем деген не?

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілген өтем – бұл ҚДКҚ кепілдік берілген депозит бойынша депозиторға төлейтін ақша сомасы.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қандай банктер қатысады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкінен депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензия алған әрбір банк міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады, демек, мұндай банкте орналастырылған депозит ҚДКҚ-ның қорғауында болады. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жаңартылған тізімімен ҚДКҚ-ның www.kdif.kz сайтында танысуға болады.

Қандай депозиттерге кепілдік беріледі?

Кепілдік объектілері – төлем карточкалары мен банктік шоттардағы, ұлттық және шетел валютасындағы салымдар, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің ақшасы. Бұл орайда банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болуы тиіс. Бүгінгі таңда өз желісінде депозиттік өнімдері бар исламдық банктерді қоспағанда, барлық екінші деңгейдегі банк жүйеге қатысады.

Банк барлық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған жағдайда, банктік шоттың/салымның иесі ол бойынша заңнамада белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы шегінде кепілдік берілген өтем алады:

  • теңгедегі жинақ депозиттері бойынша – 20 млн теңге;
  • теңгедегі карточкалар, шоттар мен басқа да депозиттер бойынша – 10 млн теңге;
  • шетел валютасындағы карточкалар, шоттар мен депозиттер бойынша (банкті лицензиядан айыру күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада) – 5 млн теңге.

ҚДКҚ клиенттің салымға енгізген сомасына ғана емес, сонымен қатар банктегі сақтандыру жағдайы күніне есептелген сыйақының пайызына да кепілдік береді. Бұл жағдайда кепілдік ең жоғары кепілдік шегінде салымның бүкіл сомасына қолданылады.

Егер салымшының бір банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозиті ашылған болса, сондай-ақ ағымдағы және карточка шоттарында қаражаты болса, онда кепілдік берілген өтемнің мөлшері депозиттің әрбір түрі бойынша кепілдіктің мөлшері ескеріле отырып (5, 10 немесе 20 млн), банкті лицензиядан айыру күніндегі барлық шоттардағы қалдық сомасынан есептеледі. Жиынтығында, ұлттық валютада жинақ депозиті болған жағдайда төлемнің жалпы сомасы 20 млн теңгеден аспайды. Егер салымның сомасы кепілдік берілген өтемнің сомасынан асып кетсе, онда ҚДКҚ өтемді ең жоғары сома шегінде төлейді. Салымшы осы сомадан артық қалдықты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясынан алуға құқылы.

ҚДКҚ кепілдігіне не кірмейді?

Жеке тұлғалардың металл шоттарына, банктік ұяшықтарға орналастырылған ақша мен құндылықтарға, депозиттік сертификаттарға, заңды тұлғалардың депозиттеріне және Қазақстанның аумағындағы ислам банктерінде орналастырылған депозиттерге ҚДКҚ кепілдігі қолданылмайды.

Бір уақытта бірнеше банкте орналастырылған депозиттерге кепілдік беріле ме?

Егер салымдар депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы бірнеше банкте орналастырылса, онда оларға кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы шегінде осы банктердің әрқайсысында бөлек кепілдік беріледі.

Екі банк біріккен жағдайда екі түрлі банкте орналастырылған депозиттерге кепілдік қалай төленеді?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біріктірілетін банктің міндеттемелері бірігетін банкке берілгеннен кейін депозиторлар алдындағы міндеттемелерді берілген банк шоттарын жүргізуді бірігетін банк орындайды.

Жеке тұлға салымшылардың депозиттер бойынша кепілдік лимиттері бір банктегі, оның ішінде банктердің бірігуі нәтижесінде қайта ұйымдастырылған бір банктегі бір депозиторға белгіленетінін есте сақтауы қажет.

Екі (және одан да көп) банк қосылған кезде осы банктердің әрқайсысында салымдары бар клиенттердің осы банктердегі салымдардың жиынтық мөлшеріне назар аударуы қажет. Қосылу аяқталғаннан кейін біріккен банктегі барлық ақшалай салымға бір банктегі депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасы шегінде ҚДКҚ кепілдік береді. Осы орайда жоғарыда айтылғандай, бір депозиторға жиынтық кепілдік берілген өтем 20  миллион теңгеден аспайды.

Кепілдік берілген өтемнің сомасын ҚДКҚ-ның www.kdif.kz сайтында арнайы калькулятордың көмегімен алдын ала есептеуге болады.

«ҚДКҚ» АҚ-ның байланыс ақпараты:

Сайты - www.kdif.kz.
Тelegram чаты – @kdif_ask
Поштасы – info@kdif.kz 
Байланыс орталығы  – 1460
Мекенжайы – Алматы қ., Алмалы ауданы, Әйтеке би к-сі, 67
ҚДКҚ-ның Астана қаласындағы өкілдігі: Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабдуллин к-сі, 18, 1-қабат, №5 офис
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.